«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад «Алтын дән» села Жалтыр при отделе образования по Астраханскому району управления образованя Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ жоспары ән-күй сабағы (орта топ)

20.11.2019

Орта тобы:  18.11.19ж.

Шығармашылық: Білім беру.

Бөлімдері:  Музыка.

Тақырыбы:  «Өзіңе және өзгелерге көмектес».

Мақсаты:Музыканы тыңдап,ырғақты сезінуге баулу.Әнді мәнерлеп айтуға,дауыс ырғақтарын жаттығу арқылы дамытуға жетелеу.Ансамбльде,ән айтуға,өлеңді бір мезгілде бастап,қатар аяқтауға,музыкалық фразалардың арасында дем алуға үйрету,эмоциялдық ықыластықты тәрбиелеу.

   Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер.Үнтаспа.

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті;

 «Қазақстан»(Қ.Есмуратов,Х.Балшабеков)әнін ойнатып,балаларды көңілді қарсы алады.

Балаларға жалаушалар таратып беріп,әуенді қимылға шақырады.

           «Босқа қарап тұрмаймыз,ән айтамыз,жырлаймыз.

              Жалаушалар көгілдір,оңды-солды бұлғаймыз.»

Балалар қуана келісіп,жалаушаларды алады,дұрыс ұстауға талпынады.

Жетекшісінің іс-әрекеті;

Дауыс жаттығуы; «Күн»;  Күн,күн,кун,күн,бізге қарап күледі.

                                             Бұлттан қашып домалап,жасырынып қалады.

   Дауыс жаттығуын бірге бастап,бірге аяқтауға үйренеді.

 «Баспалдақпен шығамыз,», «Домбыра үні»

           «Дығы-дығы,дың-дың.Домбырада ойнаймыз.

           Дығы-дығы,дың-дың.Ішектерді қағамыз,

           Пернелерін табамыз».

-Балалар жаттығуды еркін орындайды,үйренеді,нақышына келтіріп,хормен және жеке дауыста орындайды.

Ән айту,үйрену; «Мен ауылға барамын»,«Кап-кап», «Жапырақ».Балалар әндерді,көңілді,қимылмен орындауға талпынады.

Би;  «Домбыра мен би».Музыка ойналып,балаларға жүгіріп,секіруге еркіндік беріледі.

-Балалар көңілді сезіне еріктерінше билеп,секіріп қуанады.

   Қимылды ән-ойын; «Жалаушамен жаттығу»,(Е.Брусиловский)орындалып,балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді.-Балалар;жаттығуды өз беттерінше еркін жасайды.

 Жаттығуды бірге жасап,жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды.

-Балалар марш екпінін сезіне қимылдап,жалаушаны желбірете қозғайды.    

        Сабақты қорытындылау,белсене араласқан балаларды ерекше атап өту.

     Бағалау, марапаттау.

      -Балалар,   Қуанышты күйде қоштасып шығады.

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст