«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад «Алтын дән» села Жалтыр при отделе образования по Астраханскому району управления образованя Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ботақан" қазақ ересек тобының сабақ жоспары

19.11.2019

05.11.19

Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметтінің конспектісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні:Сурет салу

Тақырыбы: Қоржынды сәндеу

Тәрбиешілік :Балаларға түстерді ажырата білуге үйрету

Дамытушылық: Балалардың бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру

Оқыту: Ойлаған бейнелерін қағаз бетіне түсіру білу

Педагогикалық технология: Балаларға әр түстерге деген сезімдерін түсіндіру және үйрету

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,сергіту сәтті

Көптілділік: қор

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалардың назарын тақтадағы суреттерге аудару.

-Не көріп тұрғансыңдар ?

2.Негізгі бөлім:

Әңгімелесу.

- Балалар осы тұрмыстық заттардың көлемі қандай болады?

Қандай пішіндерге ұқсайды?

Қазақстан халқының сурет өнерімен танысумызды жалғастырамыз.

- Алдынға сабақтарда біз қоржынды салып үйрендік.

- Оны немен бездендірдік?

- Балаларға қоржынның суретін көрсету.

- Қоржынды немен безендірген?

- Қалай салған?

- Қазақ халқының көне тұрмыстық заттарын ою-өрнектермен безендіргенің айту.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрмайық
Ою өрнек сызайық
Қошқар мүйіз, тұмарша
Құстұмсық пен ирек су
Қолға қалам алайық
Әдемі, ою өрнек әлемі
Қылқаламды алайық
Ою өрнек салайық

- Балаларға қоржынның салу әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.

- Оны өрнекті элементтермен безендіреміз.

- Қоржынның суретін ауада салып көрсетеміз.

- Қылқаламды оң қолда ұстаймыз, керек түсті таңдап аламыз.

Қорытынды:

Көрме ұйымдастыру.

- Балалр қарандаршы кімнің суреті жақсы салыған?

Балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

05.11.19

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер: шар, куб, цилиндр. Пирамидамен таныстыру.»

Мақсаты: 10 мөлшерінде тура және кері санауды қайталау. Геометриялық дене пирамидамен таныстыру

Көрнекі құралдар: Кеспе цифрлар, санауға керекті таяқшалар, суреттер, жұмыс дәптері, қарындаштар, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері, үйшіктің сызбасы (таяқшалардан).

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

  Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен таныстыру. -Балалар,біз математика оқу іс-әрекетінен не үйренеміз? Оқу іс-әрекетін өтілген сандарды балалардың естеріне түсіру үшін бірнеше сұрақтар беруден бастау.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, өткен оқу іс-әрекетінде қандай сандармен таныстық?

-Өтілген сандарды кім маған тура және кері санап береді? -Сандар неден құралады? (бірліктерден ).

-«Көршісін тап» дидактикалық ойыны.

М: сандардың реттік қатарын білуге үйрету.

-Сандар қатарынан екі таңбалы санды тауып бер.

 Неліктен 10-ды екі таңбалы сан дейміз?

Алдымыздағы қаламдарды пайдаланып,10 бірлікті көрсет. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру,есептер шығару. Суретпен жұмыс. -Балалар,суретте не бейнеленген? -Дұрыс айтасыңдар,геометриялық пішіндер.

 -Біз қандай геометриялық пішіндерді білеміз? -Жарайсыңдар,енді біз бүгін жаңа пішіндермен танысамыз. Міне,мына пішін-пирамида деп аталады. пирамида пішіні туралы жан-жақты түсінік беру

. Осы пирамида  пішініне ұқсас біздің қандай ойыншығымыз бар?

. Сергіту сәті. «Жапалақтың биін қайтала.»

Логикалық есептер шешу,амалдарды

1.Тал басында тізіліп, 10 жапырақ тұр еді.

 Жел тұрды да үзіліп, Ұшып кетті екеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (10-2=8)

2.Тал басына күнара,

 Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бұл ара,

Бүгін талда қанша ара? (1+9=10)

 

Рефлексивті-түзетушілік

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны. М: Балалардың сандар қатарындағы орны,көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Қорытындылау. Мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Не білуі керек: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тану, білу, құрамын, ретін, көрші сандарын таба білу.

Нені игереді: Пирамида,куб,цилиндр пішіндерін;

Не үйренді:Түрлі заттарды санайды, салыстырады,пішіндерді ажыратып атайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

05.11.19

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Жапсыру

Тақырыбы: «Теңіз асты патшалығы».

Мақсаты: Үйрету: балық туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету; әр түрлі табиғи материалдармен жұмыс жасауды үйрету; ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Дамыту: шығармашылық қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту. Тәрбиелеу:қамқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: көк түсті А3 қағаз, желім, қарындаш қалдықтары, ракушка, сулықтар, балықтар және балдырлар үлгілері. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: екі А3 қағазға аквариум суретін салу. Сөздік жұмыс: сазан, бекіре, мөңке, жайын. Билингвальды компонент: су-вода, балық - рыба.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қәне айларды атаңдаршы? 
-Өте дұрыс,айтасыңдар. –Балалар,өткен ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік? -Иә,үй жануарларын атайықшы? 
- Жарайсыңдар,ендеше балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын. 
Аяғы жоқ жүрмейді 
Қанаты жоқ ұшпайды.( балык) 
Суда онын өмірі, 
Суда-онын,қорегі.(балык) -Ал,балалар бүгінгі оқу-іс әрекетімізде дәл осы балықтар туралы болмақ. Тәрбиеші балықтардың тіршілігімен, сан алуан түрімен таныстырады: сазан, бекіре, мөңке, жайын т.б.

- Қазір жылдың күз мезгілі.

 – Күз мезгілінде үш ай бар. – Қыркүйек,

 қазан, қараша.

- Үй жануарларды.

- Сиыр, қой, тауық, ит, т.б.

 

– Сазан, бекіре, мөңке, жайын,-деп

 қайталайды.

Іздену- ұйымдастырушы

Тәрбиеші балалардың назарын үлестірмелі материалдағы «Теңіз асты патшалығы» сюжетті суретке аударуларын сұрайды. – Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

 

- Теңіз астында ешнәрсе жоқ екен. Кәне, су асты бос болмас үшін ішіне балықтарды, ұлуды, ракушка және балдырларды жасап жіберейік. Билингвальды компонент: су-вода, балық - рыба.

-Су астындағы балықтарды, ұлуды,

 тастарды және шөптерді көріп тұрмыз.

Балалар қуана келіседі.

Балалар «су-вода», «балық – рыба»

сөздерін қайталайды. Балалар

тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Іздену- ұйымдастырушы

-Суда жүзіп жүрген балықтарды көргендерің бар ма? - Хайуанаттар бағында болдыңдар ма? Хайуанаттар бағында жан-жануарлар, құстар, аңдардың және жәндіктердің түр-түрі бар. Адамдар барып оларды тамашалайды. Міне, сол жерде аквариумдарда неше түрлі балықтар бар. Онда неше түрлі балықтар мен теңіз жәндіктерін күтіп баптайды. Үйде кішігірім балықтары бар аквариумдар болады. – Балалар, кімнің үйінде аквариум бар?

Сергіту сәті. Балық болып жүземіз, Шынығамыз суда біз! Шынықсақ біз бәріміз, Шымыр болып өсеміз!

Дидактикалық ойын:

«Түстерді балықтарға ретіне қарай орналастыр»

Ойынның шарты: Балықтардың суреттері берілген. Қажетті түстерді балықтарға орналастыру.

 

Ұжымдық жұмыс: - Ендеше, теңіз асты патшалығына балықтарымызды, ұлуды, ракушканы, балдырларды орналастырайық. Осы кезде үнтаспадан сылдырлап аққан судың даусы естіледі. Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі.

 

-Ия, көрдік.

Балалар әртүрлі жауап береді.

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің көрсеткен сергіту жаттығуын орындайды.

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

 

 

Балалар көк түсті қағазға қиып алған балықтарды, ұлуды, ракушканы және балдырларды жапсырады.

Рефлексті-

коррекциялаушы

-Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінен не білдік? Судың астында қандай жәндіктер тіршілік етеді екен?

- Жасаған жұмыстарың ұнады ма? Қоштасу шеңбері: Ақ балық-ау,ақ балық, Үркек балық,сақ балық, Суды үнемдеп тазалап, Балықтарды сақталық.

-Теңіз астында неше түрлі жәндіктер

тіршілік ететінін білдік. Судың астында балықтар, әртүрлі шаяндар, ұлулар тіршілік етеді екен. – Ия, өте әдемі болды. Балалар

шеңберге тұрып, өлеңді айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

жасайды: балықтарды, ұлуды, ракушканы, балдырларды;

түсінеді: сюжетті суретті ұжым болып жасауды;

қолданады: қиюдың таныс әдіс-тәсілдерін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 769


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст