«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад «Алтын дән» села Жалтыр при отделе образования по Астраханскому району управления образованя Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.06.2017

«Тауық пен

балапандар» ойыны.

Мақсаты: Балаларды

ойын шартымен таныстыру, ойынға деген ынталарын арттыру, қимыл –қозғалыстарын

дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шарты:

Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды

бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа

отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.

Тәрбиеші:                                                                                                                                

Ертіп сары балапандарын,

Айдарлы әсем шықты тауық.

«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,

Қыт-қыт», - дейді ауық ауық.

Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:

Тұрған жолдың бойында

Орындыққа бүк түсіп.

Не бар, қайдам, ойында

Жатыр ұйықтап бір мысық.

Мысық көзі ашады,

Балапандар қашады.

Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, -

«үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.

Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да:

«Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!», - дейді.

Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.

Просмотров: 2245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст