15.11.2017ж
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Бөлімі:
Өзін-өзі тану.
Тақырыбы:
Отбасындағы қуаныш
Мақсаты: «Сүйіспеншілік»
ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік туралы
түсініктерін кеңейту. Сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Сыйластыққа,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Карта, дәптер, түрлі -
түсті қарындаштар.
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер:
Атамнан басталар,
Әжемнен басталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар...
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін,еремін!
Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне өздері білетін жақсы сөздер
айтып, амандасады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік
Әңгімелесу
Балаларға
В. Сухомлинскийдің «Бір
ананың жеті қызы» әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
-Қыздар анасына өз
сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай
білдіресіңдер?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп алайық
Дәйексөз «Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік,
қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы.Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқандаа соны
ілесің"
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
Бүгін біз сүйікті отбасы,
отбасы мүшелері туралы жақсы, жағымды сөздер айттық. Шығармалар арқылы әркімнің
отбасы болатыны, отбасы –мейірімділіктің, сүйіспен-шіліктің, қамқорлықтың,
әдептіліктің ортасы екенін танып, білдік.