Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Видио ролик : «Анамды құттықтаймын!»
Музыка әуенімен ортаға екі бала шығады.
1 – бала: Той пердесін ашайық Адият
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала
Әр сөзіңді жаттаған Махаббат
Жүрегінде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім Сания
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында Дамир
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Подарю я маме
Праздничный букет,
Для меня прекрасней
Моей мамы — нет! Ангелина
Мен анамды сүйемін, Даниал
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Ән: «Аналар мерекесі»
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде. Адильхан
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым. Артур
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін Евгения
Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Бір бала ортаға шығады (Амира )
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көрем әжемді,
Ойыншықтар да әперет
Балабақшаға да әкелет Амира
Жақсы менің әжем
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әже туралы әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән « Әжем»
Нұрислам
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Томирис :
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Наташа:
С 8 Марта поздравляю,
Мамочку свою,
И сегодня говорю,
Что ее люблю!
Ойын: «Әжемнің жібі»
Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен гүлдер кіріп би билейді
Би : Гүлдер
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би : «Анама арнаймын»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Ойын ата аналармен : «Анамды әшекелеймін»
Оркестр .(балалардың орындауында)
Жүргізуші: Құрметті аналар, балаларыңыздың өздеріңізге арнап дайындаған силықтарын қабыл алыңыздар. Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет мерекелеріңізбен!
Сау болыңыздар!
Ұйымдастырылған оқу қызметі :Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Кедергілердің арасынан еңбектеп жүру.
Мақсаты: Қойылған кедергілерге тимей заттар арасынан еңбектеп өту.
Міндеттері:
Білімділік: Заттар арасынан өткенде ептілікпен, сақтықпен өтуге үйрету.
Дамытушылық: Ептіліктерін,икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа ,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Таспа, үйшік,ойыншықтар
1 – бала: Той пердесін ашайық Адият
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Махаббат
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Анам менің сүйіктім Сания
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында Дамир
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Мен анамды сүйемін, Ангелина
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын Даниал
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде. Адильхан
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым. Артур
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем Евгения
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Бір бала ортаға шығады (Амира )
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көрем әжемді,
Ойыншықтар да әперет
Балабақшаға да әкелет Амира
Жақсы менің әжем
Нұрислам
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Томирис :
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.