АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойын "Ханталапай"

10.12.2019

Ханталапай ұлттық ойын!

Ата: Ал балам достарын қайда? Бүгін сендердің өнерлерінді тамашалайық.

Бала: Әне ата, достарымда келді.

Балалардың бәрі қол беріп амандасады, Ассаллаумағалейкум!.

Ата: Әй,жарайсыңдар! Қане бүгін сендердің өнерлерінді тамашалаймын ол үшін анау жаққа өтейік.

Жүргізуші:Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды  білесіндер?

Балалар: Көкпар, арқан тарту асық ату, Ханталапай.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, қараңдаршы, мен сендерге мына қоржын толы асықты жинап әкелдім. Біз қазір Ханталапай деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір ерекше түске боялған асық керек. Бұл  асықты хан асығы деп атаймыз. Балалар, сендер асықтын түрлерін білесіндер ме?

1 - алшы, 2 - тәйке, 3 - бүге, 4 - шіге, 5 - оңқай, 6 - солақай, 7 - омпы, 8 - шоңқай. 

 

Ойын шарты:Талапай –ау талапай,табылды ойын алақай деп қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады.Балалар жарыса Ханталапай деп дауыстап,асықтарды таласып,бөліп алады.Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді.Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды.Асықтарды атып ала алмаған жағдайда ойын жүргізушінің сұрақтарына жауап береді де екінші мүмкіндік алады.Ойын осылайша жалғаса береді. Жарайсыңдар балалар!

Ал енди мен сіздерді марапаттаймын !

«Мерген бала» Дамирге,
«Зерек бала» Дарынға,
«Алғыр бала» Әлібиге беріледі.

Ата:Жарайсыңдар балалар, Қазақты танимын десен дәстүріне қара деген осы

Жарадыңдар балалар,келе ғойындар дастарханнан дәм татындар.

Домбырамен күй тартылады.

Ата: Құдай берсін, кем қылмасын,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Отбасының байлығын берсін,

Деніміздің саулығын берсін.
Көңіліміз тоқ болсын,
Уайым - қайғы жоқ болсын.
Отырғандарың үлкен тақ болсын!

Жүргізуші: Ал Нияз достарынды шығарып сала ғой. Сау болыңдар балалар!

Ата: Аман болындар!

Балалар: Сау болыңыздар!

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.12.2019 12:30
Құрылған күні: 20.05.2020 12:49

Текст