«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад «Алтын дән» села Жалтыр при отделе образования по Астраханскому району управления образованя Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұлдыз" тобы ашық сабақ

Күні: 13.11.2020

Топ: Кезекші

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 2 және 3 сандарды салыстыру

Мақсаты: Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау(бас, аяқтар, қолдар). 3 санымен таныстыруды жалғастыру.

  • есте сақтап, сөз байланыстырып айтуға үйрету;
  • балалардың шығармашылығын, ойлау үрдісін дамыту.
  • ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілі:әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, бағалау, қорыту.

Көрнекіліктер: 1, 2, 3 сандарының карточкасы; 1, 2, 3 сандарына байланысты суреттер.

Сөздік жұмыс: бір-один-one, екі-два- two, үш-три-three.

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізге қонақтар келді. Алдымен оқу қызметін бастамас бұрын, келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қарсы алайық, достарым!

Келді қонақ бізге.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді орнымызға отырып, оқу қызметіне дайындалайық. Бүгінгі біздің тақырып, 2 және 3 сандарды салыстыр. Қане, кім санау біледі?(жылаған дыбыс естіледі). Балалар сендер дыбысты естіп тұрсыңдар ма? Біреу жылап жатқан сияқты. Бұл Буратино ғой. Не болғанын сұрап көрейік.

Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе, Буратино?! Сен неге жылап жүрсің?

Буратино: - Сәлеметсіздер ме! Мен кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін, соған көңіл-күйім түсіп, жылап жүрмін. Маған кілтімді табуға көмектесіңіздерші.

Тәрбиеші: - Еш уайымдама Буратино. Балалар, сендер Буратиноға көмектесеңіздер ме?

Балалар: - Иә.

Тәрбиеші: - Бірақ, кілтті тезірек тауып алу үшін, бірнеше тапсырмаларды орындайық.

 

1– тапсырма: Тура және кері сана.

Мақсаты:1-ден 3-ке дейін тура және кері сана.

2 – тапсырма: Есепте

Мақсаты: Берілген есептерді дұрыс шығар.

 

Тәрбиеші: - Балалар, шаршадыңдар ма? Шаршасақ, сергіту сәтін орындап алайық.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Дөңгелекті құрамыз.

Қолымызбен шапалақтап,

Аяқпенен ұрамыз.

 

Буратино: - Менің кілтім әлі табылмай жатыр ғой. Енді кілтімді таппайтын да шығармын.

Тәрбиеші: - Буратино, сен уайымдама. Кілтіңді міндетті түрде табамыз. Солай ма, балалар? Солай болса, онда келесі тапсырмамызды орындайық

 

3 – тапсырма: Карточкамен жұмыс.

Берілген суреттегі заттарды салыстыр.

 

Тәрбиеші: - Балалар, тапсырма орындап шаршадыңдар ма? Онда ойын ойнайық.

 

Ойын: «Кілт»

Мақсаты: Берілген сандарды қатарымен дұрыс қой.

 

Тәрбиеші: - Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар? Буратино, мына кілт сенің кілтіңе ұқсамайды ма?

Буратино: - Иа, бұл менің кілтім. Балалар, сендерге үлкен рахмет. Сендер маған кілтімді табуға көмектестіңдер. Енді жоғалтпауға тырысамын. Енді, мен өзімнің үйіме қайтайын.

Тәрбиеші: -Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін тауып бердіңдер. Буратиномен қоштасып, шығарып салайық. Сау бол, Буратино!

Буратино: -Сау болыңдар!

 

Саусақ жаттығуы: Мысық біздің саққұлақ.

Мақсаты: Тышқанды жақсы есту үшін ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды.

 

Дәптермен жұмыс: «3 санын штрихта»

Мақсаты: 3 санын жазылуын көрсетіп, үйрету.

 

Қорытынды:

  • Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
  • Бізге конаққа кім келді?
  • Не себепті келді?
  • Буратиноға қалай көмек көрсеттік?
  • Қандай сандармен таныстық?

Тәрбиеші: -Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар! Оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін, мен сендерге күлкі сыйлаймын. Барлық сабаққа жақсы көңіл-күймен қатысып жүріңдер. Ал, енді, келген қонақтармен қоштасайық.

 

Жүректен-жүрекке:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Сау болыңыздар!

 

Тәрбиеші: -Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Барлықтарыңа рахмет!

 

 


 

 

  

 

  


Текст